Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық әлеуметтерін танытатын қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік таңбалар арқылы көрініс табады. Мысалы, өмір концептісінің фрейімдік құрылымы М.Мақатаевтың поэтикалық мәтінінде «тіршілік», «күнелту», «өмір кешу», «тағдыр», «жан бағу», «таңның атып, кештің батуы» сияқты таңымдық элементтерден құралады. Демек санада сақталған әрбір ақиқат фрейм бола алады. Олар белгілі бір ұғым мазмұнына сай болса концептілік жүйе құрайды.
Шал ақын шығармасында өмір-өлім концептісінің тілдік бейнеленуі былайша беріледі.
Мысал
Жігіттер жалған дүние бізден қалар, (фрейм)
Бір күні ажал келіп жаныңды алар.
Жан шығып бұл өмірден кеткеннен соң, (фрейм)
Мал мүлкін әйел балаң бәрі қалар.
Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,
Әкеңнен арсытандай ассаңдағы.
Алладан шынымен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. ДДА. –Алматы, 2006 ж..
2. Жанұзақов Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы. –Алматы, Арыс, 2007ж.
3. Г. Ж. Қайырбекова мақала (интернеттен)
4. Қазақ хандғы дәуіріндегі әдебиет «Хрестоматиясы». –Алматы, Ана тілі, 1993ж.
Санат:Лингвистика