Флоран Синама-Понголь (; 20 қазан 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4216, Сен-Пьер, Реюньон) — франциялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы Францияның бірнеше жастағы құрамасында ойнаған. Ұлттық құрамада 2008 жылы бір матч қана өткізді, 14 қазанда Туниске қарсы жолдастық кездесуде Франция 3:1 есебімен жеңіске жетті.
"Гавр" клубының түлегі. 2001 жылы 17 жасында "Ливерпульге "" ауысты. Бірақ ойын практикасы кемшін соғып, 2003 жылға дейін туған клубы "Гаврге" жалға берілді.
2003 жылы "Ливерпульге" қайта оралып, 2006 жылы қаңтарда "Блэкберн Роверске" жалға берілгенше бірнеше кубок иегері атанды, соның бірі 2005 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы болатын.
2006 жылы жазда "Ливерпульден" түпкілікті кетіп, "Рекреативоға" барды. Осыдан соң-ақ футболшының есімі көмескілене берді.
2008 жылы "Рекреативодан" кеткен соң да көптеген клубтарда ойнады. 2019 жылы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Командалық Ливерпуль
Англия кубогы: 2005/06 Англия суперкбуогы: 2006 Чемпиондар лигасы: 2004/05 УЕФА суперкубогы: 2005
Ростов
Ресей кубогы: 2013/14
Франция-17
Әлем чемпионы: 2001
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль (LFCHistory.net) Профиль (Yahoo Sports) Профиль (LiverpoolFC.ru) Профиль (Liverbird.ru) Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Гавр ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Рекреативо ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Сент-Этьен ФК ойыншылары Санат:Ростов ФК ойыншылары Санат:Чикаго Файр ФК ойыншылары Санат:Лозанна ФК ойыншылары Санат:Данди Юнайтед ФК ойыншылары