Иван Эльгера Бухия (; 28 наурыз 1975 жылhttp://www.fussballdaten.de/spieler/helgueraivan/) — испаниялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Мансабы "Расинг" клубының түлегі. 1994 жылы "Расингтің" фарм-клубында карьерасын бастады. 1997 жылы "Ромаға" ауысып бір маусым ойнады. 1998/99 жылғы маусымды "Эспаньолда" өткізді.

1999 жылы "Реалға" ауысып, карьерасының ең жарқыраған жылдарын өткізді, көптеген маңызды жүлделерге ие болды. Клуб сапында 200-ден аса ресми ойындарда алаңға шықты.

2007 жылы "Валенсияға" ауысты. Бір маусымнан соң карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама сапында 2000, 2004 жылдары Еуропа чемпионатына, 2002 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері Реал Мадрид

Испания чемпионы: 2001, 2003, 2007 Испания суперкубогы: 2001, 2003 Чемпиондар лигасы: 2000, 2002 УЕФА суперкубогы: 2002 Құрлықаралық кубок: 2002

Валенсия

Испания кубогы: 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Альбасете ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары