Марат Рифкатович Бикмаев (1 қаңтар 1986, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Ұлты татарhttp://www.tatpressa.ru/news/izvestnye-futbolistytatary-2169.html.
Карьерасы
Клубтық "Пахтакор" клубының түлегі. 2004 жылы "Крылья Советовке" ауысты. 2006-07 жылдары "Рубин" сапында ойнады.
2008 жылы "Спартак-Нальчик" клубының футболшысы атанып, 2010 жылы "Аланияға" ауысты.
2012 жылы "Ақтөбе" қатарын толықтырып, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды. 2013 жылы 5 мамырда "Тобылмен" ойында ауыр жарақат алды да, ұзақ уақыт емделіп, жыл соңында "Ақтөбеден" кетті.
2014 жылы "Локомотив" (Ташкент) клубына ауысып, төрт маусым өнер көрсетті.
2018 жылы "Пахтакорға" 15 жылдық үзілістен соң қайта оралды.
2020 жылы қайтадан "Локомотивке" ауысты.
Ұлттық құрама 2004 жылы 31 наурызда ӘЧ-2006 іріктеуі аясында Тайвань құрамасына қарсы кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
Жетістіктері
Командалық «Пахтакор»:
Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2019 Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2019
«Ақтөбе»:
Қазақстан чемпионы (1): 2013.
«Локомотив»:
Өзбекстан чемпионы (3): 2016, 2017, 2018 Өзбекстан кубогы (3): 2014, 2016, 2017 Өзбекстан суперкубогы (2015)
Жеке
Өзбекстанның үздік футболшысы (1): 2017
Дереккөздер
Санат:Ташкентте туғандар Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Алания ФК ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Крылья Советов Самара ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Локомотив Ташкент ФК ойыншылары Санат:Динамо Самарқан ФК ойыншылары Санат:Согдиана ФК ойыншылары