Кризистік күй — екі фазалы жүйенің физикалық қасиеттері бірдей болып, олардың арасындағы фазалар айырмашылығы түгелдей жойылатын тепе-теңдіктің шекті күйі. Күй диаграммасында фазалардың тепе-теңдік қисығында шекті нүктелер – кризистік нүктелер сәйкес келеді. Гиббстің фазалық ережесі бойынша, кризистік нүкте таза заттың екі фазасының тепе-теңдігі кезінде оқшауланған, ал екі құраушысы бар ерітінділерде ол нүктелер кризистік қисық құрайды. Жүйенің сәйкес параметрлері – кризистік қысым (рк), кризистік көлем (Vк), кризистік концентрация (хк), т.б. деп аталады. Сондай-ақ, фазалық ауысу жылуы мен фазааралық беттік керілуі азаяды және кризистік нүктеде нөлге айналады."Қазақ энциклопедиясы". Кризистік күй — параметрлері кризистікке (pk,Vk,Tk) тең болатын күй. Төменгі температураларда (T<Tk) изотермалардыі иілмелі учаскесі болады, ол әуелі монотонды төмен түседі, содан кейін монотонды жоғары көтеріліп, тағы да монотонды төмен түседі. Ван-дер-Ваальс теңдеуі берілген р және Т кезінде Vm көлемге қатысты үшінші дәрежелі теңдеу болып табылады; демек, оның үш заттық не бір заттық және екі жорамал түбірі болуы тиіс, әрі заттық оң түбірлердің ғана физикалық мағынасы болады. Соңдықтан бірінші жағдайға изотермалар төменгі температураларға сәйкес келеді (газ көлемінің V1,V2 және V3 мәндері қысымның бір ғана р1 мәніне келеді), ал екінші жағдайға - изотермалар жоғары температураларға сәйкес келеді.

Дереккөздер

Санат:Психология