Йоан (Йонел) Виорел Ганя (; https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/595, Фэгэраш, Румыния) — румыниялық футболшы, шабуылшы. Кейін бапкерлікпен айналысты.
Карьерасы
Клубтық Брашов футболының түлегі. 1993 жылы карьерасын екінші дивизиондағы "ИКИМ Брашов" клубында бастады. Кейін Брашов қаласының бас клубы "Брашовқа" ауысты. Бұдан соңғы жылдары да румыния клубтарының бірінен соң біріне ауысты.
Тек 1999 жылы бағын Германия чемпионатында сынады, "Штутгартқа" ауысып, төрт маусым ойнады,
2003 жылы "Бурсаспорға" ауысты. 2004 жылы "Вулверхэмптонға" ауысып, Англия чемпионатында екі жыл ойнады.
2006 жылы Румынияға оралып, Бухарестің "Динамо" клубына келді.
2008 жылы карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама 1999 жылы 3 наурызда ұлттық құрама сапында тұңғыш ойынын Эстонияға қарсы өткізді.
2000 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Топтық кезеңнің соңғы турында Англия қақпасына 89 минутта шешуші голды соқты, бұл гол құраманы 1/4 финалға алып шықты.
2006 жылы 6 қыркүйекте құрама сапындағы соңғы ойынын Албанияға қарсы өткізді. Бұл ЕУРО-2008 турнирінің іріктеу ойыны болатын.
Бапкерлік 2009 жылы бапкерлік жолын "Динамо" клубында бапкер көмекшісі ретінде бастады. 2010 жылы "Динмаоның" фарм клубын жаттықтырды.
Жетістіктері
Командалық
«Университатя» (Крайова)
Румыния кубогының финалисі: 1997/98
«Рапид» (Бухарест)
Румыния чемпионы: 1998/99 Румыния кубогы: 2006/07 Румыния кубогының финалисі: 1998/99
«Штутгарт»
Германия чемпионатының вице-чемпионы: 2002/03 Интертото кубогы (2): 2000, 2002
Жеке
Румыния чемпионатының үздік мергені: 1998/99 (28 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі
Санат:Румыния футболшылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Брашов ФК ойыншылары Санат:Университатя Крайова ФК ойыншылары Санат:Глория Быстрица ФК ойыншылары Санат:Рапид Бухарест ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Бурсаспор ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Динамо Бухарест ФК ойыншылары Санат:Румыния футбол жаттықтырушылары Санат:Динамо Бухарест ФК жаттықтырушылары Санат:Рапид Бухарест ФК жаттықтырушылары Санат:Университатя Клуж-Напока ФК жаттықтырушылары