Ілібай (Қуандық) кесенесі – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері Талас ауданы Сейілбек ауылының шетінде орналасқан.

Сипаты Кесенеге 1936 жылы А.Н. Бернштам зерттеу жүргізген. Біркамералы күмбезді монументалды Талас-Шу аймағына тән дәстүрлі мәдени сәулет өнері ірі көлемді күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларының тек оңтүстік-батыс жағы, биік, терең қуысты бетше босағаның қалдықтары сақталған. Соңғы жылдары бетше босағаның бұрыштарындағы екі ауқымды мұнаралар қирады. Ескерткіш туралы тарихи мағлұматтар анықталмаған. Алғашында биік сферикалық күмбезделген бетше босағалы-күмбезді кесене болды деуге болады. Бүйір жақтық қабырғалардың жармасында орналасқан бетше босағаның бұрыштық мұнаралары айтарлықтай алға қарай жылжытылған. Бағытталған қабырғаның бір бөлігі интерьердің жақтарынан үш биік П-тәрізді жиектеліп ұшталған қуыспен сәнделген. Қабырғалардың жоғарғы бұрыштарында кішкене күмбез дабылының арқалық желкендерінің сынықтары сақталған. Ғимараттың қасбеті мен интерьері сыланған, қабырғадағы жазулар табылмаған.Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЭЖИ", 2002. Т.2. – 384 б. ISBN 9965-13-615-7

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері