Расмус Ниссен Кристенсен (дат. Rasmus Nissen Kristensen; 11 шілде 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/369684, Бранде, Дания) — даниялық футболшы, "Ред Булл Зальцбург" клубының қорғаушысы.

Карьерасы Клубтық Карьерасын 2015 жылы "Мидтьюлланд" клубында бастады. Алғашқы ойынын 2016 жылы 6 наурызда "Норшелланн" клубына қарсы өткізді. Маусым біткенше 12 кездесуге қатысты. Тұңғыш голын 11 мамырда "Хобро" клубының қақпасына енгізді.

2018 жылы қаңтарда "Аякске" ауысты. Трансфер құны 5,5 млн еуроны құрады. Маусым соңында фарм клубы сапында Нидерланд екінші дивизионының чемпиондығына қол жеткізді.

2019 жылы "Ред Булл Зальбург" футболшысы атанды. Халықаралық Данияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Бірақ әлі ұлттық құрама сапында алаңға шыққан жоқ.

Жетістіктері «Аякс»

Нидерланд чемпионы: 2018/19 Нидерланд кубогы: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Дания футболшылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Мидтьюланд ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары