Андре Филипе Тавареш Гомеш (; 30 шілде 1993 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/221025, Грижо, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Эвертон" клубының жартылай қорғаушысы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы Балалық шағында "Порту", "Боавишта", "Бенфика" клубтарының академиясынан өтіп, 2012 жылы "Бенфика" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 28 шілде күні "Жил Висентеге" қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. 18 қазанда "Фреамунде" клубына қарсы кубок ойынында тұңғыш ресми ойынын өткізді.
2014 жылы "Валенсияға" жалға берілді.Бір жылдан соң "Валенсия" түпкілікті сатып алды.
2016 жылы шілдеде "Барселонаға" ауысты. 2018 жылы 9 тамызда "Эвертонға" жалға берілді.
Жетістіктері
Командалық
«Бенфика»
Португалия чемпионы (1): 2013/14 Португалия лига кубогы (1): 2013/14
«Барселона»
Испания чемпионы (1): 2017/18 Испания кубогы (2): 2016/17, 2017/18 Испания суперкубогы (1): 2016
Португалия
Еуропа чемпионы (1): 2016 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері (1): 2017 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Португалия футболшылары
Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары