КСРО футбол федерациялары кубогының 1988 жылғы финалы "Қайрат" пен "Нефтчидің" арасында өтті. 4:1 есебімен жеңіске жеткен қайраттықтар турнир жеңімпазы атанды.

Фактілер Бұл "Қайрат" клубының КСРО-ның ішкі турнирлерінде жеңген жалғыз жүлдесі. Бұл ойында Виктор Карачун төрт гол соғып, ойын тағдырын шешті және де турнирдің үздік мергені атанды. Бұл екі клуб топтық кезеңде де бір бірімен екі рет ойнаған. Алматыдағы ойын 4:4 есебімен тең аяқталған болса, Бакудегі ойында қайраттықтар 4:3 есебімен басым түсіп, топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады. Бұл екі клуб та сол жылы чемпионат аутсайдерлері болғандықтан, финалдық матчқа қызығушылықтың тым төмен болғанын стадионға 900 жанкүйер ғана жиылғанынан-ақ аңғаруға болады. Оның үстіне бұл кубоктың маңызы да шамалы еді, себебі жеңімпаз атанған клуб еурокубоктерге де қатыса алмайтын. 1988 жылғы КСРО чемпионатында "Қайрат" нашар нәтиже көрсетіп, бірінші лигаға түсіп қалды да, қайтадан оралмады. Демек бұл қайраттықтардың КСРО жоғары лигасының өкілі ретінде өткізген ең соңғы кездесуі. Айтпақшы, "Нефтчи" де сол жылы бірінші лигаға түсіп қалды. Сол жылы жазда Олимпиада чемпионы атанған Евгений Яровенко қайраттықтар сапындағы соңғы ойынын өткізді. Келесі маусымда ол "Днипрода" ойнады. Матч Детальдар

ққ 1 Сергей Чекмезов қ 2 Сергей Тимофеев қ 3 Игорь Иванов қ 4 Евгений Яровенко қ 5 Сергей Волгин ж 6 Виктор Карачун ж 7 Игорь Кистер ж 8 Сергей Ледовских ж 10 Фанас Салимов ш 11 Вахид Масудов ш 9 Александр Жидков Алаңға шыққандар: ж Алимжон Рафиков қ Сергей ПаськоБапкер: Леонид Остроушко ққ 1 Эльхан Гасанов қ 2 Новруз Азимов қ 3 Аскер Абдуллаев қ 4 Расим Абушев қ 5 Виталий Алхазов ж 6 Назим Сулейманов ж 7 Юнис Гусейнов ж 8 Вели Касумов ж 9 Яшар Вахабзаде ш 10 Машаллах Ахмедов ш 11 Самир АлекперовАлаңға шыққандар: ш Владислав Лемиш ш Владислав Кадыров ш Арзу МирзоевБапкер: Юрий Кузнецов

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:КСРО футбол федерациялары кубогы Санат:1988 жылғы футбол Санат:Қайрат ФК ойындары Санат:Нефтчи Баку ФК ойындары