Тойбаев Кенжехан Дүйсебайұлы (23 Ақпан 1952 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылы) – техника ғылымының докторы (2007). Қысқаша өмірбаяны: 1977 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. 1977–1980 жылдары «Казпромтранспроект» жобалау институтында инжинер. 1980–2008 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ассистент, аспирант, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметінде болды. 2008 жылдан көпсалалы Парасат институтының ректоры. 90-нан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер