Золтан Себескен (; 1 қазан 1975https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/673, Эинген, ГФР) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы Золтанның әкесі мажар.
1994 жылы карьерасын Германияның аймақтық лигаларының бірінде "Штутгартер Киккерс" клубында бастады. 1996 жылы клуб екінші Бундеслигаға жолдама алды. 1999 жылға дейін екінші Бундеслигада ойнаған Золтан 1999 жылы "Вольфсбургке" ауысты. Екі маусым ойнап, 40 кездесуде алаңға шықты, УЕФА кубогына қатысты. 2001 жылы "Байер" футболшысы атанды. "Байердегі" алғашқы маусымында үш бірдей майданда екінші боп мәреге жетті, Германия чемпионаты, Германия кубогы, Чемпиондар лигасы.
2004 жылы күтпеген жерде 29 жасында карьерасын аяқтады.
2000 жылы ұлттық құрамаға шақырту алды да, 23 ақпанда Нидерландқа қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты, бір тайм ойнады да, алмастырылды. Бұл Золтанның құрама сапындағы жалғыз кездесуі боп қала берді.
Жетістіктері
«Байер 04»
Бундеслиганың күміс жүлдегері: 2001/02 Германия кубогының финалисі: 2001/02 Чемпиондар лигасының финалисі: 2001/02
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары