Анатолий Валентинович Богданов (7 маусым 1981https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/154005, Ленинград, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 14 кездесуде алаңға шықты.
Карьерасы Ресей футболының түлегі болғанымен, Ресей чемпионаттарында бір рет те кәсіпқой футбол ретінде алаңға шықпаған, тек әуесқой клубтарда ғана доп тепті. Тек 2003 жылы Қазақстанға келгесін ғана өзін кәсіпқой футболшы ретінде сезінді, тіпті 2006 жылы "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионы да атанды.
Қазақстан клубтарында 2016 жылдың соңында дейін ойнап, Ресейге оралды, бірақ тағы да бірнеше жыл әуесқой клубтарда ойнады.
2020 жылы бапкерлікке кірісті. Өзінің туған клубы Санкт-Петербургтің "Динамо" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
2012 жылы 7 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты, тұсаукесер ойыны ЕУРО-2012 іріктеу турнирі аясында Ирландия құрамасына қарсы өтті. Сол жылы Швеция, Аустрия (екі рет) құрамаларына қарсы ойнады.
2013 жылы да Грузия, Швеция, Фарер аралдарына (Фарерлермен екі рет) қарсы ойында алаңға шықты.
2014 жылы бес кездесуде құрама намысын қорғады.
2015 жылы 18 ақпанда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді.
Жетістіктері
Командалық
Қазақстан чемпионы: 2005 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2009 Қазақстан кубогының финалисі: 2011
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Сілтемелер
Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:Ресей футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары