Юрий Михайлович Гриджан (20 қаңтар 1960 жылhttp://sport-strana.ru/gridzhan-jurij-mihajlovich/) — КСРО-лық футболшы, Қазақстанның бірнеше клубтарында доп тепкен. Кейін төрешілікпен айналысты.
Карьерасы
Футболшы Қарағанды футболының түлегі. 1978-80 жылдары Қарағандының "Шахтеры" сапында КСРО екінші лигасында доп тепті. 1981 жылы азырақ уақыт Қарағандыдағы зауыт жұмысшыларынан құралған "Литейшик" клубында ойнады. Сол жылы қайтадан кәсіби деңгейге оралып, Теміртаудың "Болат" клубына қабылданды.
1985 жылғы маусымды Хабаровскінің СКА клубында өткізді.
1986 жылы "Қайратқа" ауысты. КСРО жоғары лигасында 10 кездесуде алаңға шықты. Маусымның екінші жартысын Қостанайдың "Энергетигінде өткізді.
1987 жылы "Қайратқа" қайта оралды. Бірақ 1988 жылы "Тракторға" ауысты.
Кейін тағы да "Энергетик" пен "Болатта" ойнады. 30 жасында жарақатының кесірінен карьерасын аяқтады.
Төреші
Дереккөздер
Сілтемелер
"Я мечтал играть за "Шахтер" Төрешілер статистикасы
Санат:Қазақстан футбол төрешілері Санат:КСРО футболшылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Шахтер-Болат ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Футбол төрешілері