Ричард III (; 2 қазан 1452, Фотерингей қамалы — 22 тамыз 1485 Босуорт даласы) — 1483 жылдан бастап Йорк әулетінен шыққан Англия королі, Плантагенеттердің ерлер желісінің ағылшын тағындағы соңғы өкілі. Босуорт шайқасында (1485) жеңіліп, өлтірілді. Шайқаста қаза тапқан Англияның үш патшасының бірі (1066 жылы Гастингс түбінде өлтірілген Гаролд II мен Арыстан жүрек Ричард I).

Өмірбаяны Балалық шағы Ричард 1452 жылы 2 қазанда Нортхемптонширдегі Фотерингей қамалында дүниеге келген. Ричард Алқызыл және Ақ раушандар соғысы кезінде ағылшын тағына таласқан Плантагенет әулетінің екі тармағының бірі - Йорк әулетінің өкілі болған. Ол Йорк герцогы Ричард пен Сесилия Невиллдің он бірінші баласы және төртінші ұлы. Бала әлсіз және ауру болды. Осы уақытта Ричард Йорк пен Генрих VI арасындағы қарым-қатынастардың тағы бір шиеленісуі орын алды, сондықтан баланың ата-анасы уақыттарының көп бөлігін Уэльстің шекарасында, Ладлоу мен Вигмор қамалдарында өткізді, кейде қысқа уақытқа Нортхемптонширге келіп-кететіп жүрді.

Ричард III билік еткен уақыты

Санат:Ағылшын монархтары Санат:Йорктер