Бұқтырма ауданы — 1935-1962 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тарихы Бұқтырма ауданы орталығы Усть-Бұқтырма ауылында 1935 жылы 9 қаңтарда Зырян ауданының бір бөлігінен құрылды (1935 жылы 31 қаңтарда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетімен бекітілген)Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 г. — декабрь 1936 г.), А-А, 1956, с. 226.. Оның құрамына 12 ауылдық кеңес кірді (Гусинск, Кондратьев, Манат, Мякотиха, Никольск, Поперечен, Прииртыш, Северный, Тайынты, Усть-Бұқтырма, Черемшан, Чистополь)Центральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 544, оп. 1б, д. 220, л. 89, 96, 97..
1954 жылғы 13 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Северный және Чистополь ауылдық кеңестері таратылды, Манат және Прииртыш - Прииртыш атты бір ауылдық кеңеске біріктірілдіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 511, л. 100..
1955 жылы 31 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Тайынты ауылдық кеңесі таратылдыЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 564, л. 262..
1955 жылғы 19 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен аудан орталығы Усть-Бұқтырма ауылынан қала үлгісіндегі Серебрянск кентіне ауыстырылдыЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 564, л. 213..
1957 жылдың 30 шілдесіндегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Поперечен және Кондратьев ауылдық кеңестері Кондратьев ауылдық кеңесіне біріктірілді, Прииртыш ауылдық кеңесі Тайынты болып өзгертілдіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 633, л. 218..
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 24 қыркүйектегі жарлығымен Гусинский, Никольский және Черемшанский ауылдық кеңестері Зырян ауданының құрамына өттіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 633, л. 57..
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1961 жылғы 27 мамырдағы №213 шешімімен Белогор мен Тайынты ауылдық кеңестері Ұлан ауданына берілдіГосударственный архив Восточно-Казахстанской области, ф. 176, оп. 3, д. 865, л. 49..
1961 жылы 25 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Северный ауылдық кеңесі құрылдыВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1961, №38 (337)..
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1961 жылғы 9 қазандағы шешімімен Ерофеев кенттік кеңесі Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік бағыныштылығынан Бұқтырма ауданына ауыстырылды, ол сол шешіммен ауылдық кеңес болып өзгертілдіГосударственный архив Восточно-Казахстанской области, ф. 176, оп. 3..
1962 жылы 29 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бұқтырма, Ерофеев, Первороссийск ауылдық кеңестері мен Серебрянка кенті Зырян қаласының әкімшілік бағыныштылығына, Северный ауылдық кеңесі - Киров ауданының құрамына беріліп, Бұқтырма ауданы таратылды.
Сілтеме Бұқтырма ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары