Вадим Владимирович Рифел (19 ақпан 1979, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық және неміс хоккейшісі, сол жақ шабуылдаушы. Қазіргі уақытта мансабын аяқтаған.
Өмірбаяны Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі. Оның мансабының негізгі бөлігі Өскеменде «Қазмырыш-Торпедо» шайбалы хоккей клубының құрамында өтті. Ресей чемпионатында (жоғарғы лигада) «гол + пас» жүйесі бойынша 200-ден астам ұпай жинап, 300-ден астам ойын өткізді.
Германия чемпионатында (2 дивизион) 2 маусымды өткізіп, 104 ойында мұз айдынына шығып, 34 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді.
Қазақстанның жастар құрамаларында әлем чемпионаттарында ойнады. Шайбалы хоккейден 5 әлем чемпионатының қатысушысы (2001, 2004, 2006, 2007, 2008).
2007 жылғы Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Сілтеме Вадим Рифел eurohockey.net сайтында
Санат:Торпедо Өскемен ХК хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккейшілері Санат:КСРО шайбалы хоккейшілері Санат:Германия шайбалы хоккейшілері Санат:«Фрайбург» ХК хоккейшілері Санат:Ертіс ХК хоккейшілері Санат:«Арлан» ХК хоккейшілері Санат:«Оңтүстік Орал» ХК хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының ойыншылары