Ақай — көне қоныс орны. Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде. XIX ғасырдың басында Каспий теңізі жағасында он шақты үй балықшы отбасы отырған. Ақай сол ауылдың ақылгөй ақсақалы болыпты. Содан бері бұл жер Ақай атанып кеткен. Ақайға өзек бойымен кемелер келген, орыс көпестерінің балық батағаларында жергілікті адамдар жұмыс істеген. Кейін тұрғындарға жайлы қоныс болған. Қазір Зинеден ауылдық округі аумағына кіреді.Исатай ауданы, «Арыс» баспасы, Алматы 2003 ISBN 9965-17-1165

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы Санат:Атырау облысы қоныстары Санат:Исатай ауданының таратылған елді мекендері