Уильям Каллен Брайант (3.11.1794 — 12.06.1878) — XIX ғасырдың АҚШ әдебиетіндегі бас ақындардың бірі.

Өз мансабын заңгер жұмысынан бастаған Брайант поэзияға жастайынан құмар болады. Массачусетстен Нью-Йоркке көшіп, ол әртүрлі газеттерге мақалалар мен өлеңдерін жаза бастайды. Кейін көп жылдар бойы New York Evening Post газетінде редакторлық жұмысын атқарады.

Оның аса танымал поэмасы Thanatopsis 1816 жылы басылып шығады.

1832 жылы Брайанттың Поэмалар атты жинағы АҚШ пен Ұлыбританияда басылып, оған Американың қатар алды ақыны атағын әкеледі.

1855 жылы ол Америкалық өнер және ғылым академиясының мүшесі болып сайланады.

1856 жылы ол жаңа құрылған Республикалық партияның мүшесі ретінде соның президентікке алғашқы үміткерін Джон Фримонтты қолдап, қарқынды үгіт жүргізді. Төрт жылдан кейін Авраам Линкольнның президент болып сайлануына зор үлес қосты.

Суретші Томас Коулдың жақын досы болған Брайант кескіндемедегі Гудзон өзені мектебінің қалыптасуына да сеп тигізді.

Брайант Гомерді ағылшыншаға аударумен де белгілі болды.

Нью-Йорктың қоғамдық кітапханасы жанындағы саябаққа Брайант есімі берілді. Сонда ақынның ескерткіші де бар.

Галерея

Сілтемелер

Британика энциклопедиясындағы мақала Брайант аударған Одиссея

Санат:АҚШ ақындары Санат:АҚШ журналистері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:АҚШ редакторлары Санат:АҚШ адвокаттары Санат:АҚШ публицисттері