Милан Рапаич (; 16 тамыз 1973https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/12567, Нова-Градишка) — хорватиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Хорватия Ұлттық футбол құрамасы сапында 2002 жылы әлем чемпионатына, 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 2002 жылғы әлем чемпионатында Италияның қақпасына бір гол соқты (бұл ойында Хорватия 2:1 есебімен жеңіске жетті). 2004 жылғы Еуропа чемпионатында Франциямен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Бұл кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Екі турнирде де Хорватия топтан шыға алмады. Рапаич Хорватия, Түркия, Италия, Бельгия клубтарында доп тепті.
Жетістіктері
Хайдук
Хорватия чемпионы: 1992, 1993/94, 1994/95 Хорватия кубогы: 1992/93, 1994/95, 2002/03
Фенербахче
Түркия чемпионы: 2000/01 Дереккөздер
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Анкона ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары