Бернард Анисио Калдейра Дуарте (; 8 қыркүйек 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/175169, Белу-Оризонти, Бразилия), қысқаша Бернард () — бразилиялық футболшы, "Эвертон" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Атлетико Минейро" клубында 2010 жылы карьерасын бастады. Сол жылы "Демократа" клубына жалға берілді. 2013 жылы "Либертадорес" кубогын иеленді де, артынша тамыз айында "Шахтерға" ауысты.

2018 жылы "Шахтердан" еркін агент ретінде кетті. 9 тамыз күні "Эвертонмен" төрт жылдық келісім шарт жасасты.

Халықаралық 2012 жылы Бразилия Ұлттық футбол құрамасына шақырылды. 2013 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты. 2014 жылы әлем чемпионатына қатысты, бірақ құраманың жартылай финал (Германия 1:7) мен үшінші орын үшін (Нидерланд 0:3) сәтсіз ойындарынан соң құрамадан бір жола шеттетілді.

Жетістіктері

Командалық

«Атлетико Минейро»

Минейро лигасы (2): 2012, 2013 Либертадорес кубогы: 2013

«Шахтёр»

Украина чемпионы (3): 2013/14, 2016/17, 2017/18 Вице-чемпион (2): 2014/15, 2015/16 Украина кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Финалист (2): 2013/14, 2014/15 Украина суперкубогы (3): 2014, 2015, 2017

Бразилия

Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі (national-football-teams.com)

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары