Софья Берульцева (2000 жылы 6 қарашада туған, Шымкент) — қазақстандық каратэшіhttp://accreditation.qtixx.com , 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Өмірбаяны

Карьерасы 2016 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Жастар арасындағы әлем чемпионы (2017) және ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019) атанды.

2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдаманы соңғы сәтте алды. Ол каратеден рейтинг бойынша да, лицензиялық жарыста да ұтылып қалып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалған болатын. Алайда Азия аймағында олимпиадалық циклда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған спортшы ретінде Халықаралық карате федерациясының D3 картасына ие болып, Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Олимпиада ойындарында әйелдер арасында  жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді.

Марапаттары «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз)Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша каратэшілер Санат:Қазақстан каратэшілері Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері