Мир250px Станцияның фотосуреті: 9 ақпан 1998 жыл90pxМир эмблемасы Жалпы мәлімет Ғарыш кеменің түрі Орбиталық станция Пайдалана бастау күні 20 ақпан 1986 жыл Істен шығару күні 23 наурыз 2001 жыл Орбитадағы күні 5510 (15 жыл, 31 күн) Техникалық көрсеткіштер Масса 124 340 кг Ұзындығы 19 м Ені 31 м Биіктігі 27,5 м Ішкі көлемі 376 м3 Қысым 1 атм. Станцияның ұшу көрсеткіштері Перигей 354 км Апогей 374 км Ауытқу 51,6° Орбиталық жылдамдығы 7,7 км/сек(~27 700 км/сағ) Бір айналым уақыты 89,1 минут Тәуліктегі айналым саны 15,7 Жалпы айналым саны 86 331 Экипаж туралы мәліметтер Экипаж саны 3 адам Алғашқы мекендеу күні 13 наурыз 1986 жыл Соңғы мекендеу күні 16 маусым 2000 жыл Мекендеген күндері 4594 Станция құрылымы280px Мир — Ресейлік орбиталық станция, Жер орбитасында 1986 жылдың 20 ақпанынан бастап 2001 жылдың 23 наурызына дейін болды.

Станцияда 27 халықаралық зерттеу бағдарламасы іске асырылды, 12 мемлекеттің 71 ғарышкері қызметтерін атқарды.Мир: Хронология пилотируемых полётов

15 жылдың ішінде станция Жерді 86 331 рет айналды.

Модульдері Станцияның барлығы жеті модулі болған, олар орбитаға 10 жылдың ішінде жеке-жеке жеткізілген еді. Модуль Суреті Ұшыру күні Ұшыру ғарыш кемесі Ел Негізгі блок 19 ақпан 1986 Протон-К КСРО Экипаждың негізгі жұмыс істеу мен демалу орны. Салют бағдарламасы негізінде құрастырылған блокта басқару жүйелері орналастырылған және басқа модульдермен түйісуге мүмкіндік беретін кеңістік болған. Квант-1 31 наурыз 1987 Протон-К КСРО Астрофизикалық модуль рентгендік және ультракүлгін телескоптармен, кеңбұрышты камерамен, әртүрлі детекторлармен, гироскоптармен және оттегі өндіру құралымен жабдықталған еді. Квант-2 26 November 1989 Протон-К КСРО Модуль станцияны қосалқы жабдықтармен қамтамасыз етті, олардың ішішнде спектрометрлер, тәжірибелік құрылғылар, су жинауыштар, шомылуға арналған себезгі, т.б. Кристалл 31 мамыр 1990 Протон-К КСРО Технологиялық модуль астрономиялық бақылауларды және биотехнологиялық тәжірибелерді өткізуге, мысалы, ақуыздық кристаллдарды өсіруге, жаңа дәрілік заттарды жасауға арналған болатын. Спектр 20 мамыр 1995 Протон-К Ресей НАСА-мен ынтымақтастық жобасы бойынша іске қосылған алғашқы модуль, американдық астронавтардың мекендеуіне және тәжірибе жүргізуіне арналған еді. Төрт күн батареясы станция қуатының жартысын қамтамасыз етті. Түйісу модулі 15 қараша 1995 Спейс Шаттл Atlantis АҚШ Америкалық шаттлдармен түйісуді қамтамасыз етті. Природа 26 сәуір 1996 Протон-К Ресей Жер бетін мен атмосферасын зерттеуге арналған модуль, сондай-ақ микротолқындық, инфрақызыл және көрінетін сәулелерде тәжірибелерді өткізуге мүмкіндік берді.

Филателияда

Дереккөздер

Санат:Ғарыш станциялары