Егін Ауыл — Ресейдің Астрахан облысы Володар ауданындағы ауыл. Алтынжар ауылдық кеңесінің құрамына кіреді. Халқы 185 адам (2010), олардың 99% қазақтар.
Географиясы Егін-Ауыл Астрахан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ өзенінің атырауында және Бушма мен Камардан өзендерінің құрған аралында, Камардан өзеннің сол жағалауында орналасқан. Оң жағалауда — Новинка ауылы орналасқан. Көше желісі екі географиялық нысанадан тұрады: Молодёжная көшесі және Рыбацкая көшесі.
Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 26 метр төмен.
Климаты Қоңыржай, күрт континенталды, жазда температура жоғары және қыста төмен, жауын-шашынның аздығымен, сондай-ақ жылдық және жаздық ауа температурасының үлкен амплитудасымен сипатталады.
Тарихы 2000 жылы 26 мамырда Астрахан облысының Заңымен Ягин Ауыл ауылы Егін Ауыл ауылы болып өзгертілдіЗакон Астраханской области от 26 мая 2000 года N 23/2000-ОЗ «О переименовании села Ягин-Аул Алтынжарского сельсовета Володарского района Астраханской области». 2000 жылдың күзінде Ресей Федерациясының Үкіметі Астрахан облыстық Өкілдік Ассамблеясының Астрахан облысы Володар ауданында орналасқан Ягин Ауыл ауылын Егін Ауыл ауылы деп атау туралы ұсынысын қабылдады (№662 «Географиялық нысаналарға ат қою және Астрахан, Новгород, Орынбор және Псков облыстарындағы географиялық нысаналардың атын өзгерту туралы» 2000 жылдың 6 қыркүйек қаулысы).
Тұрғындары 2002 2010177↗185
Ұлттық және гендерлік құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша тұрғындардың саны 185 адамды құрады (86 ер адам және 99 әйел, тиісінше 46,5 және 53,5 %%).
2002 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Ягин Ауыл ауылының тұрғындарының ұлттық құрылымында 176 тұрғыны бар халықтың 99% қазақтар құрады.
Ішкі құрылымы Балық аулаушылық, мал шаруашылығы, үй мен ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы.
Көлік Володар — Кошеванка аймақтық жолынан Камардан ауылына барар жолындағы «Егін Ауыл» қоғамдық көлік аялдамасы (сәйкестендіру нөмірі 12 ОП РЗ 12Н 027)Постановление Правительства Астраханской области от 02.12.2008 N 628-П (ред. от 29.05.2017) «О перечне автомобильных дорог общего пользования регионального или межмуниципального значения Астраханской области» .
Дереккөздер
Санат:Астрахан облысы Володар ауданының елді мекендері