Ванесса Шанталь Паради (, 22 желтоқсан 1972) — француз киноактрисасы, әнші және фотомодель.
Биографиясы Ерте жылдары 1972 жылы 22 желтоқсанда Париж маңындағы Сен-Мор-де-Фоссе (Валь-де-Марн департаменті) қаласында Андре және Коринн Паради режиссерлерінің отбасында дүниеге келген. Әпкесі — Элиссон Шерди. Бала кезінен Ванесса ән мен биді жақсы көретін. Оның отбасы шоу-бизнеспен айналысты, ал ағасы, актер және продюсер Дидье Пейннің бастамасымен жеті жасында Ванесса l'école des fans Jolie телеконкурсында француз теледидарында алғаш рет көрінді. 1987 жылы, 14 жасында, Ванесса "Такси жүргізушісі Джо" (Joe le taxi) әнімен Еуропаға әйгілі болды. Келесі жылы оның M & J дебюттік альбомы платиналық альбом болып танылды.
Мансабы 1989 жылы Ванесса Жан-Клод Бриссоның "Ақ үйлену" фильміндегі басты әйел рөлін сомдады. Бұдан соң Ванесса бес жыл бойы кинода ойнаған жоқ. Осыдан кейін оның Серж Генсбурдың соңғы ірі жұмысына айналған Vanessa Paradis (1992), Vanessa Paradis Live (1994) Variation Sur Le Même t'aime (1990) альбомдары шығады. Сонымен қатар, Ванесса Chanel фирмасымен келісімшартқа қол қойып, "Коко" парфюмериясын жарнамалайтын модельдік мансабын бастады.
1995 жылы ол Жерар Депардьёмен бірге Жан Беккердің "Элиза" фильмінде экрандарда қайтадан көрінді. Бұл жобада Ванесса өзінің имиджін әлдеқайда қатаң басқарса да, эротикалық сценалардан бас тартқан жоқ.1997 жылы актриса комедиялық рөлдерді сосдай бастады және Жан Реномен бірге Рене Манзонидің "Сиқырлы махаббат" мистикалық комедиясында ойнады. 1998 жылы Патрис Леконттың "Екі адамға бір мүмкіндік" фильмінде Жан-Пол Белмондо мен Ален Делонмен бірге ойнады. Патрис Ванессамен жұмыс істеуді жалғастырды және 1999 жылы Ванесса Паради мен Даниэль Отеймен "Көпірдегі қыз" фильмі шықты.
2000 жылы әншінің "Bliss" атты жаңа альбомы жарық көрді, одан кейін "Vanessa Paradis au Zenith" турнесі өтті.
2005 жылы Ванесса Паради Джонни Депппен бірге "Дон Кихотты өлтірген адам" фильмінде Дулсинея рөлін ойнауы жобаланған еді, алайда көптеген мәселелерге байланысты фильм түсірілімі аяқталған жоқ.
2007 жылы Ванессаның "Divinidylle" атты жаңа альбомы жарық көрді.
Жеке өмірі 1998-2014 жылдары Ванесса актер Джонни Депппен нақты некеде болды. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың екі баласы бар — қызы Лили-Роуз Мелоди Депп (1999 жылы 27 мамыр туылған) және ұлы Джон Кристофер "Джек" Депп (2002 жылы 9 сәуір туылған).
2018 жылдың 30 маусымынан бастап Ванесса неке қиюға дейін 19 ай кездескен режиссер Сэмюэл Беншетриге үйленді.
Фильмография + Caption text Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі 1989 Ақ үйлену Noce Blanche Матильда Тесье 1995 Элиза Élisa Мари Демулен 1997 Сиқырлы махаббат Un amour de sorcière Моргана 1998 Ляззат Le plaisir (et ses petits tracas) дауыстау 1998 Екі адамға бір мүмкінідк Une chance sur deux Элис Томасо 1999 Көпірдегі қыз La fille sur le pont Адель 2004 Атомды цирк: Джеймс Баттлдың оралуы Atomik Circus — Le retour de James Bataille Кончия 2004 Менің періштем Mon ange Колет 2005 Сиқырлы саяхат Pollux, le manège enchanté Марго 2006 Қызғылт сарбаз Le Soldat Rose Made in Asia 2007 Кілт La clef Сесилия 2010 Жүрек жаулап алушы L'arnacoeur Жюльетт 2011 Париждегі құбыжық Un monstre à Paris Люсиль 2011 Кафе де Флор Café de flore Жаклин 2012 Дубай тотықұсы Dubaï Flamingo Джекки 2012 Менің кішкентай қылықтарым Je me suis fait tout petit Эмманюэль 2012 Корнуаль Cornouailles Одиль 2013 Жиголо бетінің астында Fading Gigolo Эвигэл 2014 Рио, мен сені сүйемін Rio, Eu Te Amo 2014 Сұлулар Парижде Sous les jupes des filles Роуз 2016 Йогада басы қалғыр Yoga Hosers мисс Морис 2018 Жүректегі пышақ Un couteau dans le cœur Анна
Дереккөздер
Санат:Фотомодельдер Санат:Франция фотомодельдері Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері