Сарықар – Сауыр жотасының қиыр батыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 1481 м. Ендік бағытта 3 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған. Тау жоғарғы палеозойдың тау жыныстарынан түзілген. Мұнда эффузивті порфирлер мен порфириттер кең тараған. Беткейлері тік жартасты, құлама келген. Баурайында пролювийлі-делювийлі шөгінділермен қорымтастар кездеседі.
Өсімдігі Шығысы мен солтүстік беткейінде жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. Етегінен Жеменей өзенінің салалары бастау алады. Өзен аңғары мен тау етегінің қиыршықты қызғылт қоңыр топырағында қуаң далаға тəн бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы таулары