Сандықтас – Шұбарайғыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай жəне Абай облысы Аягөз аудандары жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 962 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері тегістеліп өңделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың солтүстік-шығысындағы бұлақтардан Қараөзек өзені бастау алады. Батысы жəне оңтүстігінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстік-батысында Үшқайың, оңтүстігінде Жауыр, батысында Қарашоқы таулары қоршап жатыр.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, сұлыбас, боз, селеу өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары Санат:Аягөз ауданы таулары