Қытай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Қаратау жотасының орта бөлігінің оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Мыңбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 1,8 км жерде жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 40 км, жалпы ұзындығы 13 км болатын 6 жылғасы бар. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен, орта және төменгі ағысы көлбеулеу келген сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Жаз айларында арнасындағы ағын қарасуларға бөлініп қалады. Алабының 35%-і игерілген. Батысында Ақтас, Аюсай, Кемербұлақ өзендері ағып өтеді. Шығысында Күшікбай, Қарабұлақ өзендерінің негізінде салынған Досан-Қарабас бөгені орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Бәйдібек ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы