Құйғанкөл – Билікөл көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының солтүстігінде 9 км жерде орналасқан. Аса өзені алабында. Теңіз деңгейінен 474 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 2,1 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 0,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Желтоқсанда суы қатып, наурыз айында ериді.

Жағалау сипаты Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өседі. Суы мал суаруға пайдаланылады. Солтүстік-шығысында Қайназар көлі жатыр. Оңтүстік-батысынан Жаңатас – Қаратау теміржолы өтеді. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Талас ауданы көлдері Санат:Аса су алабы