Қарағанды – Қаракеңгір алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 721 км2.

Бастауы Бастауын Құрманбай қыстауының шығысындағы бұта шоғырларындағы бұлақтардан алып, Бозтұмсық ауылынан төменде Мақат қыстауы маңында Қаракеңгір өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы арнасы сайлы-жыралы өңірмен өтеді, орта және төменгі арнасы кеңейіп, жағалауы жайпақталады. Көктем айларында 15 – 20 күн ағын болады. Жылдың басқа мезгілінде құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы