Бағырлай – Жайық алабындағы канал.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Бағыр және лай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы атау. Бағыр сөзі туралы екі түрлі түсінік бар: В.У.Махпировтың «Дивану лугатит-тюрк» Махмуда Кашгарского и вопросы тюркской топонимики» деген еңбегінде bagir+liq атауын мыс сөзімен байланыстырып «медное», лайлы су, топырақтың құрамындағы мыс түсін қызғылт етіп көрсетеді деген. М.Қожанұлы Э.В.Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» атты сөздігіндегі мәліметке сәйкес бағыр - тау етегі, Индер тауының төменгі етегінен басталатынын көрсетеді.
Географиялық орны Атырау облысы Индер ауданында орналасқан.
Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 132 км. Бағырлай каналы аудандағы 46 мал және егін шаруашылығы қожалығына су жеткізеді.Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник. Издательство «АРУАНА» Алматы, 2010 ISBN 9963-26-330-2
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы каналдары