Сарыкөл – Қаратал алабындағы көл.
Географиялық орны Жетісу облысы Қаратал жəне Ақсу аудандары жерінде, Молалы ауылының оңтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 580 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км. Жағалауы жарлауытты, оңтүстігінен көлге Сарыкөлсай өзені құяды. Сонымен қатар көктемгі еріген қар жəне жер асты суларымен толысады. Суы тұщы. Желтоқсанның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Батысында Сұлушоқы, оңтүстігінде Дауылбай таулары бар. Алабы шабындыққа, жайылымға пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы көлдері Санат:Қаратал ауданы көлдері Санат:Балқаш су алабы