нобай|«Тәуелсіздік декларациясы», Джон Трамбулл суреті (1819) нобай|305x305 нүкте|Америка Құрама Штаттарының атынан Джон Адамс, Бенджамин Франклин және Джон Джей жасаған 1783 жылғы Париж келісіміне қол қою беті Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылар ( – «негіздеуші әкелер») — америкалық мемлекеттіліктің құрылуы мен қалыптасуында, оның ішінде тәуелсіздікке қол жеткізуде және жаңа саяси жүйенің принциптерін құруда шешуші рөл атқарған америкалық мемлекет қайраткерлерінің тобы. Кейбір тарихшылардың қатарына Солтүстік Америкадағы америкалық төңкерісті ұйымдастырып, өткізген және АҚШ-ты саясаткерлер, заңгерлер, мемлекет қайраткерлері, сарбаздар, дипломаттар немесе қарапайым азаматтар ретінде құрған он үш Британдық отарлардың өкілдері кіреді.

Тар мағынада АҚШ тәуелсіздік декларациясына және АҚШ Конституциясын құрған Филадельфия конвенциясына қол қойған екінші континенталды Конгрестің депутаттарын білдіреді. XIX ғасырдың аяғына дейін оларды «АҚШ-тың негізін қалаушылар» немесе «АҚШ әкелері» деп жиі атаған.

Тарихшы Ричард Б. Моррис 1973 жылғы зерттеуде келесі жеті тұлғаны ең маңызды АҚШ негізін қалаушысы ретінде атайды: Джон Адамс, Бенджамин Франклин, Александр Гамильтон, Джон Джей, Томас Джефферсон, Джеймс Мэдисон және Джордж Вашингтон.Richard B. Morris, Seven Who Shaped Our Destiny: The Founding Fathers as Revolutionaries (New York: Harper & Row, 1973).https://web.archive.org/web/20140707071533/http://www.biography.com/news/founding-fathers-quotes-facts Солардың үшеуі (Гамильтон, Мэдисон және Джей) «Федералист жазбаларының» () авторлары болып келеді — бұл АҚШ Конституциясын мақұлдау мақсатымен жазылған 85 мақала.

Жеті ең маңызды негізін қалаушылар № Суреті Аты(өмір сүрген жылдары) Лауазымы1100pxДжон АдамсАҚШ-тың екінші президенті, бірінші вице-президенті2100pxДжордж ВашингтонАҚШ-тың тұңғыш президенті, тәуелсіздік үшін соғыс кезінде американдық армияның қолбасшысы3100pxАлександр ГамильтонФедералисттер партиясының көшбасшысы, көрнекті адвокат және философ4100pxДжон ДжейАҚШ Жоғарғы сотының бірінші төрағасы, дипломат5100pxТомас ДжефферсонТәуелсіздік декларациясының авторы, АҚШ-тың үшінші президенті6100pxДжеймс МэдисонАҚШ-тың төртінші президенті, АҚШ Конституциясының авторы7100pxБенджамин ФранклинҒалым және саясаткер, Америка революциясының идеологтарының бірі, АҚШ-тың құрылу процесінде барлық үш құжатқа (Тәуелсіздік Декларациясы, Конституцияға, Версаль бейбіт келісімі) қол қойған жалғыз негізін қалаушы

Әдебиеттер R. B. Bernstein The Founding Fathers Reconsidered — Oxford University Press, NY, (2008)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер NARA — America’s founding fathers

Санат:АҚШ тарихы