Қаратас – Шағырлы тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған шоқылы тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 522 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі тіктеу, пішіні сопақ, негізінен түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жақынжол, шығысында Суықадыр, оңтүстігінде Байқара таулары мен оңтүстік-батысында Қараүңгір төбесі орналасқан.
Өсімдігі Тауалдының сұр, сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, күйреуік, баялыш, т.б. өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары