Сарышоқы – Тарбағатай жотасының солтүстік беткейіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Асусай ауылының оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2257 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 25 км-ге созылған, енді жері 12-13 км. Беткейлері тіктеу, тізбек таулардан тұрады. Өзен суайрығымен дараланған. Солтүстігінен Бозша, Тайбаққан, оңтүстік беткейінен Терісайрық өзендерінің салалары бастау алады. 1000-1500 м биіктік белдеуіне дейін Ақтас, Боранбай, Иманбай, Қызылащы, Терісайрық, Қыздар, т.б. қыстаулар орналасқан.
Өсімдігі Таудың қара, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұталы дала ландшафтысы, одан биік белдеуде шағын тоғайлар кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары