Сана философиясы () — философияның бір іргелі тармағы болып, ол сананың онтологиясы мен табиғатын және оның денемен байланысын зерттейді. Сана-дене проблемасы сана философиясының парадигмалық мәселесі болып табылады, дегенмен басқа да талай мәселелер бар, мысалы зерденің қиын проблемасы және арнайы менталды күйлердің табиғаты, тб.Siegel, S.: The Contents of Visual Experience. New York: Oxford University Press. 2010.Macpherson, F. & Haddock, A., editors, Disjunctivism: Perception, Action, Knowledge, Oxford: Oxford University Press, 2008. Зерттелетін сана аспектілері ретінде менталды оқиғаларды, менталды функцияларды, менталды қасиеттерді, зердені және зерденің нейронға сәйкестігін, сана онтологиясын, таным мен ойлаудың табиғатын, сондай-ақ сананың денемен байланысын атап көрсетуге болады.
Дуализм мен монизм сана-дене проблемасы бойынша негізгі екі мектеп есептеледі, дегенмен ешбір санатқа сәйкес келмейтін нюансты көзқарастар да бар.
Дереккөздер
Санат:Философия