Қарақұс – Қағыл тауларының солтүстігіндегі шоқылы тау жұрнағы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының батысында 55 км жерде орналасқан. Бірсуат жыне Қыпшақ өзендерінің суайрығында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 489 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км шамасында. Беткейі кертпештеліп, жазыққа ұласады.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, аңғарларында бұта өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары