Қосқызылшоқы – Үлкен Бақтыбай тауының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Алтынды ауылының оңтүстік-шығысында 48 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 284 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ, сай-жыралармен тілімделген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Ашық, оңтүстігінде Қараешкі қыстаулары, шығысында Сатай, Сарыоба таулары бар.
Өсімдігі Қоңыр, сортаң сұр топырақ жамылғысында итмұрын, тобылғы аралас ши, бетеге, жусан, қау, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы таулары