Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы () — Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі. Тудың қазіргі нұсқасы 2023 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған.
Тарихы 1992 жылғы 3 наурызда Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі тудың жаңа нұсқасын бекітті. Оның дизайны қызыл фонда тұрған, ортасында шаңырақ салынған алтын күннен тұрды.
2023 жылдың соңына қарай Жоғарғы Кеңес депутаттарының арасында ту дизайнына өзгеріс жасау керек деген ұсыныстар шыға бастады. Өзгерістер қатарында шаңырақ айналасындағы күн сәулелерін сүйір қылу болған және бұл идеяны ойлап тапқан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров еді. Заң жобасын 59 депутат қолдап дауыс берсе, 5 қарсы болды. Өзгерістің ресми себебі, премьер-министрдің орынбасары Қамшыбек Тәшиев сөзінше, «Ту күнбағысқа ұқсамай, жарқыраған күннің бейнесін беруі керек» болған.
Мағынасы Қырғыз халқының ою-өрнек мәдениетіндегі күн — жарық, ашықтық, өміршеңдік дегенді білдіреді. Қырық сәуленің жалынына ұқсас тілдер — бұл қырық рулар.
Түндік () — «боз-үй» (қырғыз киіз үйінің атауы) шаңырағын жабатын киіз. Түндік аспан мен жерді байланыстыратын, Қырғызстан жерінде тұрып жатқан барлық халықтардың бірлігін білдіреді. Сонымен қатар түндік Исламға дейін пайда болған түркі халықтарының дінін — тәңіршілдікті білдіреді.
Техникалық ерекшелігі Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы және оның бейнесі, олардың көлеміне қарамастан, Қырғыз Республикасы Президентінің резиденциясында сақталған Қырғызстанның мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және схемалық бейнелеріне дәл сәйкес келуі керек. ҚР мемлекеттік туының түстері туының техникалық ерекшелігінде көрсетілген түстерге сәйкес келуі тиіс. +Түстік модельдерТүсPANTONECMYKRGBHEXҚызылPANTONE 1788 C0-100-100-0255-0-0#ff0000СарыPANTONE Yellow C0-0-100-0255-255-0#ffff00
Тарихи тулар
Сондай-ақ Қырғызстан әнұраны Қырғызстан
Дереккөздер
Санат:Елдер бойынша тулар Санат:Мемлекеттік тулар Санат:Қырғызстан мемлекеттік рәміздері