Соқыр, Сақыр – Амантау тауларының оңтүстік бөлігіндегі тау бөлігі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Амантау ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 579 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 кмге созылған, енді жері 3 км. Беткейі жайпақ, оңтүстігіне қарай еңістеніп белестерге ұласады. Тау бөктеріндегі бұлақтардан Соналы өзенінің салалары бастау алады. Солтүстік-батысында Жартас, солтүстік-шығысында Найза таулары бар.

Өсімдігі Қиыршықтасты, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы, қылқан боз, бетеге, жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі. Атырабы мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары