Қияқты – Құланөтпес алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қарағанды облысының Нұра ауданы Теңіз көлінің оңтүстігінде 16 км, Қособа тауынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 398 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 51,6 км2, су жиналатын алабы 669 км2. Ұзындығы 16,7 км, енді жері 10,2 км. Шарасының пішіні күрделі, түбі тегіс. Солтүстік жағалауы жарлауытты, биіктігі 1-1,8 м. Оңтүстік жағалауы жайпақ. Ол сор батпаққа ұласып кетеді. Суының деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазанда төмендейді. Оған жазда тартылып қалатын Қияқты өзені құяды. Жағалауы жайылым есебінде пайдаланылады. Кейінгі жылдары көл сорға айналуда.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері