Қоңырадыр – Ақмола облысы Шортанды ауданының орта тұсында орналасқан тау.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 391 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 6 км–ге созылып жатыр, енді жері 1 км-ге жуық. Беткейлері көлбеулеу келген тау басы айқын көрінеді және онда бірнеше төбешіктер бар.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын делювийлі шөгінділер жауып жатыр.
Өсімдігі Даланың сортаңдау қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-бозды өсімдіктер өскен. Кейде мезоксерофильді әр түрлі шөптесіндер кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шортанды ауданы таулары