Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ( — 1920-1930 жылдар емлесі бойынша, қазір. ) — 1921 жылдың 18 қазанынан 1945 жылдың 30 маусымына дейін және 1991 жылдың 12 ақпанынан 1992 жылдың 26 ақпанына дейін Қырым түбегінің аумағында болған автономиялық республика.
Қырым Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасы 1921 жылы 18 қазанда РКФСР құрамында құрылды, кейінірек 1936 жылғы КСРО, РКФСР конституцияларына сәйкес және 1937 жылғы Қырым АСКР Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта аталды.
Орыстар, қырым татарлары, украиндар — басым халықтар, немістер, яһудилер, гректер, армяндар саны айтарлықтай болды. 1932 жылы оның ауданы 25,9 мың км² болды. Қырымның байырғы халқы республика Конституциясына сәйкес қырым татарлары мен қарайымдар болып табылады.
1945 жылы 30 маусымда бұл автономиялық республика Қырым облысы болып өзгертілді, 1954 жылы 26 сәуірде Украина КСР-іне берілді. 1991 жылы 12 ақпанда Украина КСР құрамында автономия қалпына келтірілді (1991 жылдың 24 тамызынан бастап – тәуелсіз Украина мемлекеті), 1992 жылы 26 ақпанда Қырым Республикасы, ал 1994 жылы 21 қыркүйекте – Қырым Автономиялық Республикасыs:Закон Украины от 21.09.1994 № 171/94-ВРУкраина Жоғарғы Радасының пленарлық отырысының стенограммасы (1994 жыл 21 қыркүйек, 16 сағат) деп аталды.
thumb|305px|Қырым АКСР 1928 жылғы картада (Атлас).
Тарихы 1921 жылы мамырдың аяғынан тамыз айының аяғына дейін Қырымда құрамында Ш. Ибраһимов — төраға, Денхалкомнан П. Дауге және Ауылхалкомнан М. Фофанова тұратын БК(б)П ОК Өкілетті Комиссиясы, Қырым істері жөніндегі БОАК және РКФСР ХКК жұмыс істеді. Комиссияның мақсаты – Қырым АСКР құрылғанға дейін түбектің және оның тұрғындарының соғыстан кейінгі барлық мәселелерін нақтылау.
РКФСР құрамында thumb|right|340px|IV шақырылым ҚрАКСР ОАК төралқасы, 1925 жыл Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында КСРО ұлттық республикаларының орталық үкіметі мен халқының арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған жергіліктендіру идеясы кең тарады. Жергіліктендіру аз ұлттар өкілдерін даярлау және басшылық қызметке көтеру, ұлттық-аумақтық автономияларды құру, іс қағаздарын жүргізуге, оқу-ағарту ісіне аз ұлттардың тілдерін енгізу, жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында жергілікті тілдерді ынталандыру арқылы көрініс тапты.
РКФСР құрамындағы Қырым Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасы 1921 жылы 18 қазанда бұрынғы Таурия губернаторлығы аумағының бір бөлігінде құрылды. Бүкілресейлік орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесінің Қырым АКСР автономиясы туралы қаулысының негізінде «Қырым түбегінің шекарасында бұрыннан бар округтерден: Жанкөй, Көзлеу, Керіш, Ақиар, Ақмешіт, Кефе және Ялтадан» құрылды; республиканың солтүстік шекаралары туралы мәселе бөлек қарастырылды. Қырым автономиясының бірінші конституциясы 1921 жылы 10 қарашада қабылданды. Мемлекеттік тілдері — қырымтатар тілі және орыс тілі болды.
1921 жылы 25 қазанда РКФСР Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариатының «Жизнь национальных» газетінде жарияланған «Қырым республикасының жариялануы туралы» мақаласында Қырымда ұлттық автономия құру мәселесі көтеріліп, қызу пікірталас жағдайында шешілді, оның барысында көпшілік түбекке облыс мәртебесін беруді жақтады, алайда соңында «бүкіл Федерацияның Қырымға мүддесі тек жолай жергілікті байырғы халықтың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайында ғана оң нәтиже бере алады» деп шешілді. «Қырым ауылының ең ықшам бөлігі – қалалардың шағын пролетариатымен бірге Қырымдағы Кеңес өкіметінің негізін құраған татарлар ұзақ жылдар бойы ескі режимді орнатқан экономикалық жағдайлардың салдарынан физикалық және мәдени құлдырауға ұшыраған маңызды жағдайды ескермеу мүмкін емес еді, — делінген. Осыны негізге ала отырып, Орталық Кеңес үкіметі «жергілікті халықтың толық сеніміне кіру» және «соңғысының тікелей көмегі мен жаңа кеңестік құрылыс ісіне қатысуы» үшін «оған жеткілікті еркіндік және икемділікпен бірқатар өткір мәселелерді шешуге батыл кірісуге мүмкіндік беретін кең құқықтар беру» туралы шешім қабылданды. Мақалада Қырым республикасы «байырғы халықтың кең еңбекші бұқарасы үшін олардың мәдени және экономикалық қайта жандануы мәселесінде автономиялық құқықтар мен бастамаларды барынша бекіту» ретінде сипатталған.
Кеңес өкіметі екі халықты: қырым татарлары мен қарайымдарды Қырымдағы байырғы ұлт деп таныды. Сонымен бірге Қырым АКСР-інде ұлттық аудандар мен ауылдық кеңестер құру арқылы түбектің барлық ірі этностарының ықшам қоныстану шегінде өзін-өзі басқару мәселесі шешілді. 1930 жылдары Қырымның 20 ауданының 6-ұлттық қырым татары (Фоти-Сальский, Бақшасарай, Балаклава, Ялта, Алушта және Судақ), 2-неміс (Биік Онлар және Телман), 2-яһуди (Фрайдорф және Лариндорф) және 1-украин (Ішкі) болды.
1937 жылы Кіші Кеңес Энциклопедиясы «Қырым АКСР» деген мақаласында: «Қырым озық индустриялды-аграрлық ұлттық республикаға айналды» деп жазды.
Автономиялық республикалардың ұлттық сипаты басқа басылымдарда да атап өтілді, мысалы, Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: «Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, өзін-өзі басқаратын ұлттық-аумақтық бірлік. Республикалық автономия – саны мен мәдениеті жағынан жоғарырақ автономиялық облыстарға ұйымдасқан ұлттарға қарағанда, бірақ соған қарамастан, әлі КСРО құрамындағы одақтық республиканың құратындай емес, Кеңес Одағындағы ұлттарының саяси өзін-өзі басқару нысаны. Осыған А.р. құқықтық нысандары сәйкес.» «Одақтық республиканың құрамына кіретін және автономиялық негізде одақтық республиканың құзыретінен тыс мемлекеттік билікті жүзеге асыратын автономиялық республика, автономиялық кеңестік социалистік республика (АКСР), кеңестік социалистік ұлттық мемлекет».
1929 жылы 5 мамырда жаңа Конституция қабылданып, оған сәйкес автономияның атауы Қырым Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасы болып өзгертілді.
Жебірей автономиясы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында яһуди халқын мемлекет монополиялаған буржуазиялық іс-әрекеттен (қаржы, сауда, қолөнер) алшақтату үшін яһудилерді ауыл шаруашылығы еңбегіне тарту арқылы кеңестендіру идеясы алға тартылды. Ол үшін яһудилерді ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерге қоныстандыруды ынталандыру қажет болды. 1920 жылдардың басында мұндай «яһуди халқының әлеуметтік құрамын қайта құру» бағдарламасы ресми түрде алға қойылды. Бұл идеяға яһудилердің шетелдік «Агро-Джойнт» қайырымдылық ұйымы қаржылай қолдау көрсетті.
Яһудилерді қоныстандыру бағдарламасы 1920-1930 жылдары жүзеге асырылды. Бірақ көп ұзамай Агро-Джойнттың қаржылық көмек қысқартылып, яһудилерді қоныстандыру үшін Биробиджанда Яһуди автономиялы облысы құрылды. 1939 жылы ақпанда БК(б)П ОК саяси бюросы «Жасанды түрде құрылған ұлттық аудандар мен ауылдық кеңестерді жою және қайта құру туралы» қаулы шығарды, онда бұл аудандардың көпшілігін дұшпандық мақсатта халық жаулары құрғанын көрсетті.
1939 жылғы халық санағы Қырым АКСР-інде 65 мың яһудидің болуын көрсетті, оның 20 мыңға жуығы яһуди ұжымшарларында өмір сүрді.
1944 жылы ақпанда С.М.Михоэлс, С.Эпштейн және И.Фефер Қырым түбегінің аумағында яһуди социалистік республикасын құру туралы ұсыныспен «Қырым туралы хат» жіберді.
АКСР жойылуы 1941-1944 жылдары Қырым аумағын нацистік Германия басып алды.
Қызыл Әскер Қырымды азат еткеннен кейін-ақ КСРО басшылығы Кеңес үкіметі бүкіл қырым татар халқын сатқын деп жариялап, оларды коллаборационизм үшін беталды айыптап, қырым татарларының барлығын Қырымнан қуып, Өзбек КСР, сондай-ақ КСРО-ның басқа аймақтарында орналастыру туралы шешім қабылдады. 1989 жылы 14 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қырым татарларын жер аудару қылмыс және заңсыз деп танылды.
Қырым татарларын мәжбүрлі жер аудару 18 мамырда, армяндарды, болгарларды және гректерді 26 маусымда жер аудару басталды, кейінірек Қырымның басқа да ұсақ халықтары: мажарлар, румындар және итальяндықтар, сондай-ақ 1941 жылы қуылмаған 2000-ға жуық немістер жер аударылды.
Кеңес үкіметінің төрт «толқыны» қырым татарларының барлық атауларын өзгертті. 1944 жылы 14 желтоқсанда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Қырым АКСР-де қырым татар және неміс атауларымен аталған 11 ауданы мен аудан орталықтарының атаулары өзгертілді. Олардың ішінде ежелгі Қарасубазар қаласы да болды. Екінші толқын сегіз айдан кейін – 1945 жылдың тамызында жалғасты. Ол кезде 300-ден астам ауыл мен кенттер атауы өзгертілді, олардың көпшілігі қырым татарша атауларымен аталған еді. 1948 жылы 18 мамырда мыңнан астам қырымдық елді мекендерінің атауы өзгертілді. Соңғы толқын 1949 жылдың жазында жүзеге асырылды, сол кезде тағы 30 темір жол станциялары, қырым татарша аталатын бірқатар ұжымшарлар мен кеңшарлар жаңа атауларға ие болды. 1953 жылы қалалар мен географиялық нысандардың атын өзгертудің тағы бір толқыны жоспарланған — Сталиннің өлімі бұған кедергі келтірді; науқан тоқтатылды. Жалпы, Қырым татарша атауларына қарсы күрес науқанының бүкіл кезеңінде Қырым елді мекендерінің 90%-дан астамының атауы өзгертілді. 1945 жылы 30 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Қырым автономиясы облыс болып өзгертілді. 1946 жылы 25 маусымда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын Қырым облысына айналдыруды мақұлдап, «РКФСР Конституциясының 14-бабына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», ал 1948 жылы 13 наурызда РКФСР Конституциясының бабынан бұл туралы ескерту алынып тасталды.
1956 жылы Хрущевтің жарлығымен Қырым татарлары мен Еділ немістерін қоспағанда жер аударылған халықтардың барлығы дерлік атамекеніне қайтарылды, олардың республикалары қалпына келтірілді. Анастас Микоян өзінің естелігінде өзінің жеке пікірі мен сол кездегі үкіметтің пікірі бойынша Қырым татарларының автономиялық республикасының қалпына келтірілмеуіне ғылыми этнологиялық, лингвистикалық және тарихи негіздемесі жоқ негізгі себепті көрсетеді:
УКСР құрамында 1967 жылы 17 тамызда КОКП ОК саяси бюросының Қаулысы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі тезисі Қырым татарларының «қазіргі тұрып жатқан жерлерінде тамыр жайғандығы» және олардың Қырымға қайтып оралуы орынсыз. Партия шешімдері КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1967 жылғы 5 қыркүйектегі № 493 «Бұрын Қырымда тұрған татар ұлты азаматтары туралы» Жарлығымен ресімделді. Ол «Қырымда тұрған татар ұлтының азаматтарына» қатысты дәлелсіз айыптаулар бар бөлігінде мемлекеттік органдардың шешімдерінің күшін жойды, бірақ олардың «Өзбек және басқа одақтық республикалар аумағында тамыр жайғанын» алға тартты. Осы Жарлықтан кейін бірден шыққан Жоғарғы Кеңес Төралқасының № 494 Қаулысында «ұлты татар азаматтар... және олардың отбасы мүшелері КСРО-ның барлық азаматтары сияқты еңбек және төлқұжаттық режим туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес Одағының бүкіл аумағында тұру құқығын пайдаланады» делінген. «Төлқұжаттық режим» тармағында бір құйтырқылық жасады немесе Қырымға барар жолда әкімшілік кедергілер жасау ұйғарылды. 1967 жылдың қыркүйек айының аяғында түбекке 2000-ға жуық қырым татарлары келді, бірақ келгендердің ешқайсысы іс жүзінде тіркелмеді. 5 қыркүйектегі жарлық қырымтатар мәселесін шешкен жоқ, тек оның шешімін еліктеді. Ақтау, шын мәнінде, тек көзбояушылық болды.
thumb|left|200px|Багров Н.В. қол қойған Қырым облыстық кеңестің 1990 жылғы 12 қарашадағы референдум өткізу туралы шешімі. 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі жер аударуды қылмыс және заңсыз деп таныды. Қырым АКСР қалпына келтіру қажеттілігі КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 28 қарашадағы № 845-1 «Кеңес немістері мен Қырым татар халқының мәселелері жөніндегі комиссиялардың қорытындылары мен ұсыныстары туралы» Жарлығымен бекітілді, бұл «Қырым татар халқының құқықтарын қалпына келтіруді Украина КСР-нің құрамында Қырым АКСР құру арқылы Қырым автономиясын қалпына келтірмей жүзеге асыру мүмкін емес» деп атап өтті. Бұл Қырым татарларының да, қазір Қырымда тұратын басқа ұлт өкілдерінің де мүдделеріне сай болар еді». (Жарияланды: КСРО Жоғарғы Кеңесінің Мекемелері 1989 ж., 29 қараша (№ 25). С. 669 (№ 495).
1990 жылы қарашада Қырым облыстық кеңесте Қырым АКСР қалпына келтіру мәселесі көтерілді.
thumb|right|220px|1991 жылғы референдумға арналған бюллетень