Беруни ауданы (, ) — Қарақалпақстандағы (Өзбекстан) әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы – Беруни қаласы.

Тарихы Беруни ауданы 1930 жылы Шабаз ауданы болып құрылған. 1957 жылы Шаббаз ауданы Беруни (Бируни) ауданы болып өзгертілді. 1963 жылы аудан таратылып, 1964 жылы қалпына келтірілді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына кірдіӘАҚБЖ Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды белгілеу жүйесі : аудан бағынысындағы қала Беруни қалалық елді мекен Бүліш азаматтардың ауылдық жиындары Абай Азат Алтынсай Беруни Бибазар Достық Қызылқала Матонат Науаи Саркоп Тыңшылық Шабаз Шимам Археология Беруни ауданы Азаттың Шырқат шаруашылығы аумағында Тасқырман шұратында 1956 жылы ашылған Қазақлыжатқан (Ақшаханқала) көне қонысының орны бар. Бәлкім, Қиятқа дейін Хорезмнің астанасы Ақшаханқала болдыАрхеологтар көне Хорезм күнтізбесін тапты ма? .

Халықаралық қарақалпақ-аустралия археологиялық экспедициясы бұл жерден б.з.б. III—II ғасырларға жататын ежелгі хорезм тіліндегі арамей жазуының көптеген жазулары мен қабырға суреттерін тапты.

Дереккөздер

Санат:Қарақалпақстан аудандары