Саржан, Саржау – Тобыл алабындағы, Қаратомар бөгенінің солтүстігіндегі тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданы Лесное ауылының солтүстік-батысында 9 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 199 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Жағалауы тегіс, қамыс, құрақ өскен. Жазда айдыны тартылып, жағалауы батпаққа айналады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірде ериді. Солтүстігінде Қаракөл, солтүстік-шығысында Тұзөнген көлдері, батысында Үлкенбарақ, оңтүстік-батысында Үлкен Талдыкөл, оңтүстігінде Мыңбай батпақтары қоршап жатыр. Алабы – шабындық, жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Фёдоров ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы