Боқтықарын – Аққұм құмының батысында 12 км жердегі тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 276 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Беткейі тік, оқшаулау келген тау массивінен тұрады. Шығысынан Темір өзені ағып өтеді.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр, сортаңды қызғылт топырағында қара жусан, көкпек, бұйырғын өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы таулары