Ақкөл, Жақсы Ақкөл – Ұлы Жыланшық өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерінде.

Гидрографикасы Орташа аумағы 62 км2. Ұзындығы 11 км-ден астам, ені 8 км, орташа тереңдігі 3,7 м, ең терең жері 5 м-ден асады. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағалауы биік жарлы, 1,5 км-ге созылған түбек бар. Көлге Ұлы Жыланшық өзені құяды. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. Суы ащы, жазда мал суарылады. Көлден табан, шортан, алабұға ауланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы