Әжинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (, ) — ашылғаннан бері дамудың бірнеше сатысынан өтті. 1934 жылы Төрткөлде дайындық бөлімі ашылды. 1935 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы бөлімнің 42 түлегі Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтында 12 оқытушымен сабақ бастады. 1944 жылы Нүкіс қаласына көшкеннен кейін институт Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды. Алғашқы ректоры И. Рафиков болды.
Тарихы Педагогикалық институт мәртебесінде университет 1970-жылдардың ортасына дейін жұмыс істеп, 1976 жылы оған Нүкіс мемлекеттік университеті, 1990-жылдардың басында Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті мәртебесі берілді. 1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздік алуымен Қарақалпақ мемлекеттік университеті негізінде енді Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (НМПИ) болып қайта құрылып, 1992 жылдан бастап XIX ғасырдың ортасындағы Арал өңірінің көрнекті ойшылы және қарақалпақ поэзиясының ең жарқын классиктерінің бірі Әжинияздың атымен аталған.
Жалпы ақпараты Институттың жалпы ауданы 65 075 м², атап айтқанда оқу алаңы 25 700 м². 2019 жылғы жағдай бойынша институтта 9 факультет (физика-еңбек, математика-информатика, мектепке дейінгі және бастауыш білім, педагогикалық, тарихи-географиялық, филология, шет тілдері, химия-биология, дене шынықтыру) және 27 кафедра бар. Бакалавриаттың 23 бағыты және магистратураның 14 мамандығы бойынша мамандар дайындалуда. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы: 18 ғылым докторлары, профессорлар, 127 ғылым кандидаттары, доценттер. 450-ден астам оқытушы бакалавриат пен магистранттарға ғылым негіздерін оқытады. Институт 5 оқу корпусында орналасқан. 2018 жылдан бастап Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып физика-математика ғылымларының кандидаты, доцент Байрам Пердебайұлы Өтемұратов қызмет етеді. Шетелдік студенттер саны 50-ден астам. Оқу қарақалпақ, өзбек, қазақ, түрікмен, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Әйгілі түлектері Институт түлектерінің арасында Ұлы Отан соғысының батыры Б.Нұрпейісов, Өзбекстан Батырлары Алланияз Өтениязов, Ыбырай Жүсіпов, Вера Пак, Төлепберген Қайыпбергенов, Қайратдин Қожаниязов сынды танымал тұлғалар аз емес. Академиктер Марат Нұрмұхамедов, Сабыр Камалов, Жұманазар Базарбаев, Әмин Бахиев, Хусниддин Хамидов, Абатбай Дәулетов. Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Рустам Жанғабаев.
НМПИ академиялық лицейі Лицей 1999 жылы құрылған және 400 оқушыға арналған. Лицейдің оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік білім беру стандартына және оны жүзеге асыруға екі бағыт бойынша негізделеді: дәлдік ғылымдар (техникалық бағыт – физика, математика, информатика; экономикалық бағыт – математика, ағылшын тілі, ана тілі, әдебиет) және қоғамдық-гуманитарлық. (тарих, ағылшын тілі, ана тілі, әдебиет).
Ректорлары Мұғалімдер институтының алғашқы басшылары: Рафиков И., Базаров Д., Досумов Я.М., Бекімбетов Т., Урумбаев Д.А. Одан кейінгі жылдары институтты Убайдуллаев Қ.У., Тетюшев А.П., Камалов С.К.., Рзаев К.. басқарды. , Изимбетов Т.И. 1976 жылы педагогика институты базасында Нүкіс мемлекеттік университеті құрылды. Өзбекстанның тәуелсіздік алуымен қазіргі Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (НМПИ) қайта құрылды.
Уақыты Ректоры 1991—2001 Жұманазар Базарбаев 2001—2005 Азат Матчанов 2005—2009 Бақыт Жоллибеков 2009—2011 Мұрат Бердімұратов 2011—2015 Барлықбай Пренов 2015—2017 Қуанышбай Оразымбетов 2018—қ.у. Байрам Өтемұратов
Суреттері
Дереккөздер
Санат:1934 жылы құрылған оқу орындары Санат:Өзбекстан жоғарғы оқу орындары Санат:Қарақалпақстан