Балқан уәлаяты () — Түрікменстанның батысындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы – Балқанабат қаласы (бұрынғы Небітдақ). Солтүстік-шығысында Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасымен, солтүстігінде Қазақстанның Маңғыстау облысымен, шығысында Ахал және Дашоғыз уәлаяттарымен шектеседі.
Тарихы 1992 жылы 18 мамырда бұрынғы Балқан облысының аумағында құрылған. Ауданы бойынша Балқан уәлаяты республикада бірінші орында (ол Түркіменстан аумағының 28,5%-ын құрайды, халқының 9%-дан азы) тұр.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Атырап мәртебесі бар 2 қала: Балқанабат (бұрынғы Небітдақ) Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск)
7 атырап: Берекет атырабы (бұрынғы Қазаншық) Мақтұмқұлы атырабы (бұрынғы Қарақала) Қызыларбат атырабы (бұрынғы Сердар) Түрікменбашы атырабы (бұрынғы Красноводск) Есенқұлы атырабы (бұрынғы Хасанқұлы) Етрек атырабы (бұрынғы Қызылетрек)
Экономикасы Уәлаят экономикасы отын және минералды-шикізат ресурстардың айтарлықтай қорына, ерекше климаттық жағдайларына, ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жер көлемінің көптігіне ие. Түркіменбашы және Хазар теңіз порттары арқылы экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады.
2013 жылы уәлаят аумағында республиканың өнеркәсіптік өнімінің 31,0%-ы (1-орын) және ауыл шаруашылығы өнімдерінің 5,2%-ы (уәлаяттар арасында бесінші орын) өндірілді.
Облыс өнеркәсібінің негізін отын-энергетика кешені салалары: өз шикізатын өндіруге және өңдеуге маманданған мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіптер құрайды. 2013 жылы уәлаят мұнай өндіруде негізгі орынды (95,9%) және газ өндіруде 4-орынды (17,1%) иеленді.
Аймақта химия және құрылыс материалдары өнеркәсібі дамыған. Аймақтың химия өнеркәсібі – көміртегі қарасы мен йод, натрий сульфатын, бишофит пен полипропиленді өндіретін елдегі жалғыз өндіруші.
2013 жылы аймақ электр энергиясын (22,8%) және кенсіз құрылыс материалдарын (18,0%) өндіру бойынша Түркіменстанда екінші орынды иеленді, елдегі цементтің 40,2 пайызы уәлаятта өндіріледі.
Уәлаят балық аулау мен тұз өндіруден көшбасшы болып табылады. Уәлаятта ауылшаруашылық жерлерінің ең үлкен аумақтары бар, оның басым бөлігін жайылымдық жерлер құрайды.
Субтропиктік дақылдар құрғақ субтропиктер аймағында (Мақтұмқұлы және Етрек атыраптары) өсіріледі. Сердар мен Берекет атыраптарында негізінен бидай және бақша дақылдары өсіріледі.
Уәлаят негізінен мал шаруашылығымен айналысатын аймақ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құнындағы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70,7 % құрайды. Онда жалпы түйе санының 33,5 % (республика бойынша екінші орында) орналасқан. Балқан уәлаяты ұсақ мал саны бойынша төртінші орында (16,4%) тұр. 2013 жылы уәлаят шаруашылықтары жалпы ірі қара мал басының 3,6%-ын және құстың 6,6%-ын ұстады. Аймақтың үлесіне жалпы ет өндірісінің 8,5 %, жұмыртқаның 5,3 %, жүннің 16,1 % тиесілі.
Уәлаяттың негізгі өнімі бидай болып табылады (2013 жылы – республика бойынша жалпы егіннің 5,5%). Аймақ үлесіне жемістер мен жидектердің жалпы өндірісінің 7,5%-ы, картоптың 4,9%-ы, көкөністің 3,5%-ы келеді.
Уәлаят капиталды көп қажетсінетін аймақ. 2013 жылы елдің жалпы инвестициясының 22,5%-ы оның экономикасын дамытуға (өңірлер арасында үшінші орын) бағытталды, бұл мұнай және газ кен орындарын игеруге, өнеркәсіптің басқа да салаларын және әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалды.
Әлеуметтік сала Уәлаятта 2013/2014 оқу жылында 157 орта мектеп 74,9 мың оқушыны қабылдады.
Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсіп министрлігі жүйесіндегі отбасылық дәрігерлердің саны 2013 жылы 239 адамды, орта медицина қызметкерлер саны 2,2 мың адамды құрады. Аурухана төсектерінің саны 2,4 мың бірлікті құрады.
2013 жылы бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету 16,4 шаршы метрді құрады.
Көлік thumb|right|200px|Қазақстан-Түрікменстан-Иран ұлтаралық теміржолы Аймақтың көлік жүйесі негізінен транзиттік міндетті атқарып, көліктің барлық түрлерімен ұсынылған. 2013 жылы республика бойынша уәлаяттың жүк айналымының үлесі 16,8% (үшінші орын), жолаушы айналымы 13,4% (бесінші орын) құрады. Уәлаят аумағы арқылы Қазақстан-Түрікменстан-Иран ұлтаралық теміржолы өтеді.
Археология Жебел кентінен шығысқа қарай 4 км жерде Үлкен Балқан тауларында Жебел (Небітдақ) үңгірі бар, одан кеңес археологы А.П.Окладников 1949-1950 жылдары мезолит, неолит және ерте қола дәуіріне жататын көп қатпарлы археологиялық ескерткіштерді тапқан.
Ықтықала — б.з. IV - V ғ. Өзбойдың сол жағалауында, Жоғарғы Ықты құдықтарының жанында орналасқан ежелгі қала (бекініс).
Хәкімдері № Аты Лауазымғатағайындалды Лауазымнанбосатылды Босату себебі 1 Режепмәмет Пуханов 26.06.1992 02.07.1997 жұмыстағы кемшіліктері үшін 2 Сердар Бабаев 02.07.1997 30.06.1999 жұмыстағы кемшіліктері үшін 3 Хабибулла Абдуллаұлы Дурдыев 30.06.1997 11.09.2000 басқа жұмысқа ауысты 4 Режепбай Аразұлы Аразов 14.09.2000 07.07.2001 басқа жұмысқа ауысты 5 Рүстем Артықов 09.07.2001 10.09.2002 басқа жұмысқа ауысты 6 Поран Бердиев 10.09.2002 15.11.2002 жұмыстағы кемшіліктері үшін 7 Қақакелді Құрбышов 15.11.2002 15.10.2003 жұмыстағы кемшіліктері үшін 8 Ташберді Тагиев 15.10.2003 03.03.2006 басқа жұмысқа ауысты 9 Меретқұлы Гүбиев 03.03.2006 25.10.2006 жұмыстағы кемшіліктері үшін, тұтқындалды 10 Оразмұрат Ниязлиев 25.10.2006 09.07.2010
11 Сатлық Сатлықов 09.07.2010 11.01.2013 басқа жұмысқа ауысты 12 Бәшіммұрат Атамұратұлы Қожамәммедов 11.01.2013 09.07.2015 басқа жұмысқа ауысты 13 Дұрды Дұрдиев 09.07.2015 13.01.2017 басқа жұмысқа ауысты 14 Сатлық Сатлықов 13.01.2017 05.07.2018 15 Дұрды Дұрдиев05.07.201801.02.202016 Ата Халлиев01.02.2020 ағымда
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан уәлаяттары Санат:Балқан уәлаяты