Салтанат Жарылқасынқызы Ибадуллаева (25 маусым 1965 жылы туған, Қызылорда қаласы) — биология ғылымдарының докторы (2007), профессор (2010). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2015).Сыр елі. Энциклопедия. — Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. — 318-б.

Өмірбаяны 1987 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) бітірген. 1987–2010 жылдары — Қызылорда университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі; 2011 жылдан — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.

2013 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясы аясында Швейцарияда ғылыми тағылымдамадан өткен.

Ғылыми қызметі Ғылыми жұмыстарының басты бағыты: мұнаймен ластанған экожүйелер мониторингі және экологиялық физиология мәселелері.

230-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде: Scopus дерекқорына енген 15 мақала; 3 монография; 14 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал; 2 патент.

Оның ғылыми жетекшілігімен 4 ғылым кандидаты мен 4 философия докторы (PhD) даярланды.

Марапаттары мен атақтары Биология ғылымдарының докторы (2007) Профессор (2010) Дарынды ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2010) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2007, 2014) ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2015)

Дереккөздер

Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар